Үнемділік және тиімділік
Жөндеу жұмысына кететін уақыт үш есеге қысқарды. Бұл тиімді шешімді «Богатырь» кенішінің қызметкерлері өз күштерімен жүзеге асырды.
Liebherr экскаваторының ұзақ уақыт пайдаланылған гидросорғысы істен шыққан кезде, оны бөлшектеп, қайта құрастыру үшін арнайы құрылғы қажет болды.
Кеншілер бұл мәселені дайын алынғыш сатып алмай-ақ, қажетті құрылғыны өздері жасап шығару арқылы шешті. Нәтижесінде алынғыш сатып алуға кететін шығын жойылып, жұмысқа тартылатын қызметкерлер саны 6 адамнан 2 адамға дейін азайды. Ал гидросорғыны бөлшектеу және құрастыру уақыты 24 сағаттан 8 сағатқа дейін қысқарды.
Ең бастысы – енгізілген жаңашылдықтың арқасында бір жылда 23,5 млн теңге экономикалық тиімділікке қол жеткізілді.
Осындай қарапайым әрі тиімді шешімдер өндірістегі үдерістерді жетілдіріп қана қоймай, нақты экономикалық нәтиже береді.












