Баспасөз / жаңалықтар

Мереке күні

01.02.2021

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің Автобазасының 20 жылдығына орай, компания әкімшілігі атынан Автобазаның алғашқы директорларын кәсіпорынның бас директорының орынбасары - өндіріс жөніндегі директор Серік Макаров пен бөлімшенің қазіргі басшысы Александр Зыкалин айтулы күнмен құттықтады.

Өзінің құттықтау сөзінде Серік Макаров атап өткендей, Автобазаның маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес, өйткені барлық жүктер оның автокөлігімен тасымалданады. Ол Автобазаның бірінші басшылары – Геннадий Кремневке, Виталий Савчукке, Игорь Бауэрге автокөлік кәсіпорнының қалыптасуы мен дамуына қосқан зор үлесі үшін ерекше алғысын білдірді. Ардагерлерге ризашылық пен құрмет белгісі ретінде естелік сыйлықтар табыс етілді. «Совтрансавто»  ЖШС директоры Орынбасар Әлиев пен «Жоламан ЭК» ЖШС директорының орынбасары Александр Козловский  әріптестеріне табысты жұмыс тіледі. Сыйлық ретінде іскер серіктестер дыбыстық жабдықтар жиынтығын және экраны бар мультимедиялық проекторды ұсынды.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Back to news list