Баспасөз / жаңалықтар

Ең қуатты көп тонналы самосвал

11.02.2021

«CАТ-785 С» карьер самосвалы – «Богатырь Көмір» компаниясының технологиялық көлік паркіндегі ең қуатты көп тонналы самосвал.

Тек бір жүрісте машина 144 тоннаға дейін тау-кен массасын тасымалдай алады. Жақында компанияда бар бес көп тоннаның бірі-борттық нөмірі 142 «Caterpillar» жоспарлы күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылды. Жөндеу барысында машинаның негізгі тораптары жаңартылды: қозғалтқыш, гидротрансформатор, трансмиссия, дифференциал, кардан білігі, шанақты көтеру цилиндрі, сорғы жетегінің бәсеңдеткіші, шанақты көтеру айырғышы, артқы көпір картері, алдыңғы және артқы аспалар. Жүргізілген жаңғырту самосвалдың техникалық ресурсын ұлғайтты, бұл оны кем дегенде үш жыл пайдалануға мүмкіндік береді. Қазір № 142 «CAT-785 С» «Богатырь» кенішінің № 3 өндіру жұмыстары учаскесінде көмір тасымалдауға жұмылдырылған.

Сонымен қатар, биылғы жылы 140,143,144 борттық нөмірлері бар «Caterpillar» маркалы тағы үш самосвал техникалық қайта жарақтандырылатын болады.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Back to news list