Баспасөз / жаңалықтар

Кәсіподақтар басшыларымен кездесу

23.02.2021

Бүгін  «Богатырь Көмір» ЖШС бас кеңсесінің конференц - залында кәсіпорын әкімшілігінің кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен.

Бүгін  «Богатырь Көмір» ЖШС бас кеңсесінің конференц - залында кәсіпорын әкімшілігінің кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен: «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Қ. Х. Тұратаевпен, « КӨЖСК Екібастұз аумақтық кеңесі» ҚБ төрағасы Н. И. Поповпен, «Жергілікті Екібастұз көмір кәсіптік одағы»  ҚБ төрағасы С. Г. Чапалмен, «Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің басшысы Д. Н. Айтжановамен және «Татуласу орталығы»  татуластыру орталығының басшысы М. А. Ивановамен жұмыс кездесуі өтті. Диалог барысында жұмыс берушімен тиімді ынтымақтастық мақсатында «Богатырь Көмір»  ЖШС-де үш кәсіподақтың өзара іс-әрекет етудің ұйымдастырушылық мәселелері, ұжымдық шартты келісу бойынша бірыңғай өкілді орган мен комиссия құру қажеттілігі талқыланды. Сондай-ақ, «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес қызметкерлерді қосымша ақпараттандыру және жұмыс беруші тарапынан таңдау еркіндігін қамтамасыз ету және жұмыскерлердің кәсіподақ ұйымын өз бетінше таңдау құқығын іске асыру бойынша бақылауды күшейту мәселесі талқыланды, онда былай делінген: «Адамдарға қауіп төндіруге немесе басқа да заңсыз іс-әрекеттермен оларды кәсіподаққа кіруден бас тартуға, бір кәсіподақтан шығуға және екіншісіне кіруге не кәсіподақты өз бетінше таратуға мәжбүрлеуге тыйым салынады».  

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Back to news list