Баспасөз / жаңалықтар

Уақытпен тексерілген

20.03.2021

«Богатырь Көмір» ЖШС-де уақытпен тексерілген және еңбекақы мөлшері жұмыскердің кәсіби біліктілік деңгейіне сәйкес келетініне  негізделген еңбек төлеу жүйесі бар.

Қазіргі таңда «Богатырь Көмір» ЖШС-де тікелей өндірісте жұмыс істейтін (ИТЖ емес) жұмыскерлердің саны 4 473 адамды құрайды,  олардың  ішінде,  орташа жалақысы  270 297 теңгені  (2020 жылы) құрайтын 303 қызметкер – 120 000 теңгеге дейін жалақы алады, 120 000-нан – 350 000 теңгеге дейін – 3420 қызметкер,  350 000-нан 450 000 теңгеге дейін – 750 қызметкер алады. Бұл ретте, компаниядағы қазіргі еңбек төлеу жүйесі өз біліктілігін арттыратын жұмыскерге көп ақша табуға мүмкіндік береді. Ол үшін Серіктестікте 11-ден 25%-ға дейін  разрядаралық коэффициенттер қолданылады, ал көмір саласының басқа кәсіпорындарында олар 2-ден 10%-ға дейін құрайды. Бұл жүйе компанияға ең білікті кадрларды тартуға мүмкіндік береді, өйткені «Богатырь Көмір» ЖШС-де жұмыс мамандықтары бойынша орташа еңбекақы Павлодар облысының басқа кәсіпорындарында төленетін еңбекақы мөлшеріне қарағанда 15% – 20%-ға жоғары. Оған қоса, әр жұмыскердің қорытынды нәтижеге үлесін объективті бағалау үшін,  Серіктестікте сонымен қатар қосымша төлемдер мен төлемдердің кең жүйесі жұмыс істейтін деректі ерекше атап өту керек: өндірістік төлемдер (зиянды еңбек жағдайлары, қызмет өтілі, жылу режимі, өрт/күкіртті сутек үшін, аз санымен жұмыс үшін, АМЖ үшін, кәсіби шеберлік және жоғары біліктілік үшін), сан әрі сапалы көрсеткіштері үшін; аса маңызды өндірістік тапсырмаларды орындағаны үшін; қауіпсіз еңбек жағдайын құрғаны үшін,  5S жүйесінде үздіксіз жақсартуға қатысқаны үшін. Жоғарыда айтылғандармен қатар,  ТКЖЖ зауыты, ТЖЖЖД,  ТКБ, «Богатырь» кеніші секілді Серіктестіктің жетекші бөлімшелерінде қазірдің өзінде жұмыскердің жеке өндірістік көрсеткіштерімен тікелей байланысты материалдық ынталандырудың жаңа түрі енгізілуде және тестіленуде. Осы берілген пилоттық жобаның қорытындысы бойынша алынған оң тәжірибені барлық құрылымдық бөлімшелерге енгізу жоспарлануда. Оған қоса, Серіктестік мамандық ауыстыруға немесе өз кәсіби шеберлігінің деңгейін арттыруға ниетті жұмыскерлер үшін қайта даярлау және біліктілік арттыру бағдарламасын әзірлеуде. Қазіргі еңбек төлеу жүйесінің артықшылығын сақтап қалуға ұмтыла отыра, Серіктестік ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен,  ҚР еңбек министрлігімен,  тау-кен- металлургиялық кәсіпорындар Ассоциациясымен, @otraslevoi_profsoyuz, @profsoyuz_batr_komir және өзге де мүдделі жақтармен кеңестер сериясын жүргізді, соның аясында, 2021 жылдан бастап, жүйені бірыңғай атаулар мен көмір саласының ерекшеліктеріне сәйкестендіру үшін бір қатар түзетулер анықталды және енгізілді.  Осы жұмыстар аясында және  мамандықтар қатары бойынша жұмыскерлерді қолдау мақсатында 2019 – 2020 жыл аралығындағы кезең үшін қосымша түзету төлемдерін жүргізу туралы шешім қабылданды. Берілген бір реттік шара еңбек төлеу жүйесіндегі әр түрлі тәсілдерді көмір саласында бірыңғай тәсілмен қорытындылауға және «Богатырь Көмір» ЖШС-де ынталандыру жүйесінің базалық ұстанымдарын сақтауға мүмкіндік береді. 2021 жылы көмірге индексация бағасының жоқтығына қарамастан, «Богатырь Көмір» ЖШС-де еңбек заңнамасының және Ұжымдық шарттың барлық талаптарын сақтауды, оның ішінде жұмыскерлердің еңбекақысын  инфляция деңгейі – 7,9% - ға индексациялауды және жыл қорытындысы бойынша сыйлықақы төлеуді жалғастырып отырғанын ерекше атап өткен жөн.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Back to news list