Баспасөз / жаңалықтар

Жауынгерлік еңбегі үшін марапат

30.12.2021

Серіктестіктің  мәжіліс залында компанияның дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге  «Еңбек ардагері» төсбелгілері табыс етілді.

Қазақстан Республикасы нндустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің бұйрығымен  «Еңбек ардагері» құрметті атағына ие болғандар:

Ибрагим Ердавлетұлы Досмухамбетов, ол өзінің еңбек өмірбаянын туған кәсіпорнына арнады. Институтты бітіргеннен кейін бірден бөлу бойынша Екібастұзға келіп, «Богатырь» кенішіне №1 өндіру жұмыстары учаскесіне тау-кен шебері болып орналасты. Жылдар өткен соң ол Қазақстандағы ең ірі кеніштерінің бірін басқарды. Биыл ұжым өзінің басшысын құрметті демалысқа шығарып салды.

Қанлыбай Төлетайұлы Үмбеталиев, СРС(К)-2000 № 1146 экскаватор машинисті, көмір өнеркәсібіне 1979 жылы келді, «Северный» кенішіне жол жөндеушісі болып келді, бір жылдық курсты аяқтағаннан кейін роторлы экскаваторға жұмысқа ауысты. Өз қызметі барысында ол компанияның еңбек жеңістерінің куәсі және қатысушысы болды. Ол қазір де білімін жас ұрпаққа бере отырып, өз қызметінде қалады.

Владимир Викторович Таран, көмір кәсіпорнына қырық жылын арнады. Байланыс желісінің электрмеханигі қызметінен құрметті демалысқа шықты. Еңбек жолында «Шахтер даңқы» белгісінің толық иегері атанды.

Еңбек ардагерлерін  лайықты марапаттарымен «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директоры Азат Мәкенов, сондай-ақ  «КӨЖКОБ Екібастұз аумақтық кеңесі» ӨҚБ төрағасы Николай Попов құттықтады.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Back to news list