Баспасөз / жаңалықтар

ЖЫЛДАМ ЖӘНЕ ДӘЛ

13.01.2022

«Богатырь Көмір» компаниясының өндірістік учаскелері кезең-кезеңімен заманауи жабдықтармен жабдықталуда. Жақында кәсіпорын Spectro Scientific (АҚШ) фирмасы өндірген дәлдігі жоғары аппарат – кіріктірілген MicroLab 40 Series май талдағышын сатып алды.

Құрылғы іштен жанатын қозғалтқыштар мен гидравлика майларының сынамаларын талдауға арналған, бұл технологиялық машиналардың бөлшектері мен тораптарының күйін алдын-ала анықтауға көмектеседі. Бұрын компанияда мұндай аппарат болмаған. Оның үстіне, бүгінде ол Қазақстанда тиісті сертификаттау рәсімінен өткен жалғыз ұйым. ТКБ өндірістік учаскелерінен және «Богатырь» кенішінен түсетін май сынамаларын зерттеуді Microlab 40 орналасқан Богатырь ЖКБ зертханасының мамандары орындауды. Аппараттың бағдарламасы технологиялық көліктің кез келген түрінің нормаларын, сипаттамаларын, параметрлерін қамтиды және сынамаға талдау жүргізгеннен кейін бірден 15 минут ішінде толық диагностикалық есеп береді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Back to news list