«Богатырь» кенішінің көру алаңындағы әлеуметтік жоба қатысушылары

25.04.2022

«Богатырь»  кенішінің көру алаңына танысу экскурсиясымен «Leader Z» әлеуметтік жобасына қатысушы балалар келді.

Сапарды, жоба секілді, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры ұйымдастырды.

Бұл жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге кәсіби дағдыларды игеруге, өз әлеуетін іске асыруға және болашақ мамандығын анықтауға, олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етуге көмектесу. Жасөспірімдер негізгі компьютерлік дағдыларға: браузермен, электрондық поштамен, қосымшалармен және бағдарламалармен жұмыс істеуге, сондай-ақ мобилография, скетчинг, scratch және STEAM бойынша курстарға тегін оқытылады.

Өткен экскурия кезінде көру алаңының биіктігінен балаларға әлемнің ең үлкен кеніштерінің бірінің қайталанбас көрінісі ашылды, ашық аспан астындағы мұражай экспозициясына барған кезде олар БелАЗ карьерлік самосвалын, ЭКГ экскаваторын, бульдозерді, бұрғылау білдегін және басқа да тау-кен көлігі техникасын көрді. «Богатырьге» сапарларын есте қалдыру үшін балалардың әрқайсысына кәдесый берілді.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.

 

Back to news list