Шеберхананы қайта жаңарту

08.11.2022

ТКЖЖ зауытында екінші жылжымалы токарь шеберханасы жаңартуды сәтті аяқтады.

Біріншісі бұдан бұрын экскаватор-жөндеу цехының көшпелі бригадаларына пайдалануға берілген болатын. Алынған тәжірибе екінші шеберхананы жаңарту кезінде қолданылды. Зауыт мамандарының күшімен өндірістік үй-жайды толық жаңарту жүргізілді: қабырғалар мен төбелер жылу оқшаулағыш материалдармен қапталған, едендер жабылып, боялған, жарықтандырудың жаңа сымдары жүргізілді, жылыту жүйесі жаңартылды, металл өңдеу білдектеріне тексеру және жөндеу жүргізілді. Мұның бәрі рекордтық уақытта жасалды.

Зауыт жұмысшыларының жаңашылдығын әріптестері – экскаватор-жөндеу цехының көшпелі бригадалары жоғары бағалады, өйткені олардың тырысып жасағандарының арқасында токарьдың кеніште жұмыс істеуі үшін қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалды, бұл әсіресе қыста маңызды.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Back to news list