Әлем чемпионатында үшінші

17.11.2022

Спорт ареналарынан жақсы жаңалық. Технологиялық көлік басқармасының ауыр жүк самосвалының жүргізушісі Айдар Капезов ардагерлер арасында гір спорты бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, биылғы жыл атақты богатырлық спортшы үшін марапаттарға толы болды. Көктемде Қазақстан чемпионатында Айдар күміс және Щучинск қаласында өткен Азия чемпионатына жолдама жеңіп алып, онда да екінші орынды иеленді.

Осы екі беделді жарыста өнер көрсету нәтижелері бойынша оған спорт шеберіне кандидат атағы берілді. Міне, тағы бір жетістік және лайықты марапат – ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының қола медалі.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Back to news list