Жылумен жылытумен

18.11.2022

«Богатырь Көмір» компаниясы қайырымдылық көмек ретінде Павлодар және Екібастұз епархиясының Петропавл әйелдер монастырына 60 тонна көмір бөлді.

Діни мекемелерге қыстың суығында көмірмен қамтамасыз ету арқылы көмектесу – бұл кәсіпорын үшін жақсы дәстүр. Тегін отын жеткізумен қатар, компания мұсылман мешіті және Екібастұз православие шіркеуін жылумен жабдықтау қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығындардың едәуір бөлігін өз мойнына алады. Мысалы, биыл серіктестік қайырымдылық көмек аясында діни мекемелердің жылыту бойынша қарызын жалпы сомасы 6 324 816 теңгеге өтеген. Жақсы істер жасай отырып, компания іс жүзінде қоғамның адамгершілік және рухани құндылықтарын ұстанатындығын растайды.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Back to news list