Ашық әңгіме

29.09.2026

«Богатырь Көмір» ЖШС басшылығының еңбек ұжымдарымен кездесулері жалғасуда. Бүгін «Богатырь» кенішінің ӘТК-сінде «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Евгений Мастернак Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасы қызметкерлерімен кездесуін «Степная» станциясындағы ӘТК-нің тазалығы мен абаттандырылуына алғыс айтудан бастады және оның кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасындағы үздіктердің бірі ретінде атап өтті.

Одан кейін теміржолшылардың алдыңғы кездесуде көтерген мәселелері талқыланды. Олардың басым бөлігі шешімін тапқан. Жалақы түбіртіктерін электронды форматқа көшіру мәселесі әзірге қаралуда. Оны жүзеге асыру үшін компанияда қолданылатын жүйелерді жаңарту қажет.

Евгений Мастернак кәсіпорынның қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жалақыны уақытылы төлеуге және қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті екенін, ал әр жұмыскер қауіпсіздік талаптарын сақтауы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ толассыз технология кешенін толық қуатына шығару мәселесі сөз болды. Көмір мен аршылымды теміржол көлігімен тасымалдау көлемінің азаюына қарай БЖКБ қызметкерлерін басқа мамандықтарға оқыту жоспарлануда.

Кездесуде көгалдандыру мәселесі де талқыланды. Кәсіпорында кіреберіс бақылау пунктінен кенішке дейінгі аумақта барлық құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен ағаш отырғызу жоспары әзірленген.


Жаңалықтар тізіміне оралу