Мазмұнды кездесу

01.10.2026

«Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Евгений Мастернак ТКЖЖ зауыты мен Теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясының ұжымдарымен кездесті.

Кездесу ақпан айында өткен жиында жұмысшылар көтерген мәселелерді талқылаудан басталды. Олардың басым бөлігі бойынша нақты шешімдер қабылданып үлгерген. Мәселен, медициналық тексерістен жедел өту үшін қосымша МТЭЖ аппараты орнатылды, ал қайта жоспарлау жұмыстарынан кейін тағы 2 осындай құрылғы қойылады.ТКЖЖ зауытының медициналық пунктінде қосымша орындықтар қойылып, қалдықтарды жинауға арналған қосымша орындар белгіленді. Сонымен қатар шатырды жөндеу, жабдықтау және басқа да мәселелер бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Евгений Мастернак ТКЖЖ өндірістік алаңындағы оң өзгерістерді ерекше атап өтті: жөндеуден кейін мұнда жарық та жинақылық қалыптасқан. Сондай-ақ зауыттың асханасына жоғары баға беріп, оны кәсіпорындағы өндірістік асханалардың ішіндегі ең үздігі деп атады.Кездесу барысында жекелеген жөндеушілер бригадасының атына сын айтылды. Қызметкерлер тарапынан жіберілген ереже бұзушылықтар мен олардың салдары сөз болды.

Жиын барысында жұмысшылар өздерін толғандырған сұрақтарын бас директорға қоюға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, шатырды жөндеу, жабдықтардың жай-күйі, сондай-ақ техникалық бақылау бөліміндегі кадр тапшылығы мәселелері талқыланды. Әр мәселе бойынша қызметкерлер басшылықтан тиісті түсініктеме алды.


Жаңалықтар тізіміне оралу