«Богатырь» – тазалық үшін!
02.10.2026
12 қыркүйекте басталған «Таза Қазақстан» айлығы жалғасуда. Оның аясында бүгін, 2 қазанда, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің 100-ге тарта қызметкері тазалық жұмыстарына қатысты.
Айта кетейік, Екібастұз қаласында Қонаев көшесін таза ұстау міндеті компаниямызға жүктелген. Әріптестеріміз бұл міндетті абыроймен атқарып келеді. Бүгінгі тазалық жұмыстары аясында 28 текше метр қоқыс пен қалдықтары жиналып, шығарылды. Сонымен қатар жұмыстарға компанияның 6 бірлік техникасы тартылды.
Осылайша кеншілер Екібастұз қаласын көркейтуге үлестерін қосуда.


















