Үздіктер қатарында
05.10.2026
10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтарының күні. Осы атаулы күнге орай 3–4 қазан күндері қаламызда «Шығыс» кеніші кубогы үшін футболдан жарыс өтті.
Жарысқа Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан және Майқайың кентінен өнеркәсіптік кәсіпорындардың 16 командасы қатысты.
Тартысты өткен турнирде «Богатырь Көмір» футбол командасы жақсы ойын көрсетіп, жүлделі үшінші орынға ие болды. Үшінші орын үшін болған кездесуде біздің команда Ақсу қаласының «Металлург» командасын 6:2 есебімен жеңді. Сонымен қатар үйіндітүзгіш машинисінің көмекшісі Ярослав Саденко турнирдің үздік ойыншысы атанды.
Командамызды жүлделі орынмен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да «Богатырь Көмір» футбол командасына жарқын жеңістер мен сәтті ойындар тілейміз!






