Маңызды кездесу
06.10.2026
«Біз қазір көгалдандыру бойынша екі жобаны іске асырып жатырмыз. Бірі – «Шахтер» саябағына ағаш отырғызу. Әр сенбі сайын барып, бұл жұмысты басқа кәсіпорындармен бірлесе атқарудамыз. Екіншісі – «Батыр» БӨБ-не дейінгі және одан кейінгі аумақтарға ағаш отырғызу. Оны алдағы сенбіден бастаймыз», – деп бастады «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Евгений Мастернак Энергиямен жабдықтау және Күрделі құрылыс дирекциялары қызметкерлерімен кездесуін.
Сонымен бірге ол жыл басындағы кездесуде қойылған, бірақ бақылауға алынған 9 сұрақ бойынша жауап берді. Оның ішінде кеңседе және ішкі үй-жайларда жұмыс істеген кезде каскеткалар киюге рұқсат беру туралы өтініш те болды. Бұл ұсыныс қабылданып, қазіргі уақытта оларды алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды.
Әлеуметтік пакетті жақсарту жөніндегі ұсынысқа қатысты бас директор бүгінгі таңда кәсіпорын ұсынып отырған әлеуметтік пакеттің бәсекеге қабілетті екенін атап өтті. Сонымен бірге орташа еңбекақы деңгейінің де жоғары екені айтылды. Евгений Анатольевичтің айтуынша, ендігі міндет – бұл көрсеткішті қала бойынша жоғары деңгейде ұстап тұру.
Ал қос дирекцияға қойылған ортақ тапсырма – толассыз технология кешенін зерттеп біліп алу. Өйткені басты міндет алдағы жылдары, оны толық қуатына шығару. Энергетиктер мен құрылысшылар үшін бұл жұмыс көлемі мен жауапкершіліктің арта түсетінін білдіреді.
Екі дирекция қызметкерлері осы кездесуге 32 сұрақ дайындапты. Олардың бірқатарына жауап беріліп, түсініктемелер жасалды, қалғандары бақылауға алынды.
Кездесуді қорытындылай келе, Евгений Мастернак мұндай кездесулердің маңыздылығы көтерілген мәселелердің көптігінде емес, әрбір сұрақтың назардан тыс қалмауы, қажет болған жағдайда нақты шешімнің қабылдануында екенін атап өтті.


















