Көлік қызметкерлерімен кездесу

08.10.2026

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Евгений Мастернак кәсіпорынның еңбек ұжымдарымен кездесулерін аяқтады. Соңғысы Технологиялық көлік басқармасы мен Автобаза жұмыскерлерімен өтті.

Алдымен жыл басындағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы талқыланды. Атап айтқанда, Толассыз технология кешенінің ұсақтау-қайта тиеу пункттеріндегі олқылықтардың барлығы көктемгі жөндеу жұмыстары кезінде ретке келтірілген.

Тағы бір өзекті мәселе – эндогендік өрттерге қарсы күрес. Евгений Мастернактың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп, қатаң бақылауда ұсталып отыр.

Кәсіпорын басшысы сүйінші жаңалықтарымен де бөлісті. Жыл соңына дейін бес бірлік Hitachi карьерлік аударғышын және су шашып-суаратын көлік сатып алу жоспарланған. Ал келесі жылы ассенизаторлық машина алу және «Ковыльная» станциясында модульді душ ғимаратын салу көзделіп отыр.

Кездесуде ТКБ мен Автобаза ұжымдарының алдына бірқатар маңызды міндеттер қойылды: көлік құралдарын әрдайым техникалық дайындықта ұстау, көмір мен аршылымды кідіріссіз тасымалдау және жұмыскерлерді жұмыс орындарына уақытылы жеткізу.

Басты міндет – өндірістік жүктеме дәстүрлі түрде артатын күзгі-қысқы кезеңде кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.


Жаңалықтар тізіміне оралу