«Жаса, жаса, қазақ тілі!»

09.10.2026

Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы Манар Ерботинаның жетекшілігімен Солнечный кентінде «Жаса, жаса, қазақ тілі!» атты көшпелі іс-шара өтті. Оған қазақ тілін оқыту курстарына қатысып жүрген әріптестеріміз қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған тіл саясатын іске асыру, сондай-ақ серіктестіктен тыс ортада мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы компанияның оң имиджін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ольга Дюко, Марина Рандей, Мария Акимова, Оксана Кобзарь, Ольга Губарева, Артем Муфтахутдинов, Ирина Бахтоярова, Евгений Ефимов, Инесса Аряшева, Екатерина Гончарова, Мария Якимова, Юлия Митаишвили және Наталья Иванова өз өнерлерін ортаға салып, қазақ тілінде ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сондай-ақ әр мерекенің сәнін келтіріп жүрген өнерпаз әріптестеріміз Еділ Минайхан мен Дархан Төлеубаев та солнечныйлықтардың ықыласына ие болды.

Жақында ғана 40 жылдығын атап өткен Солнечный кентінің тұрғындары өнер көрсеткен әріптестерімізді жылы қабылдап, олардың өнеріне зор қошемет білдірді. Көрермендердің ықыласы мен шынайы алғысы қатысушыларға ерекше шабыт сыйлады.

Осындай тағылымды кездесулер мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп қана қоймай, қазақ мәдениетіне деген құрметті арттырып, әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайта түседі.

Тіл біріктіреді, ән жүректерді жақындатады!

#МемлекеттікТіл_ГосударственныйЯзык #ЖасаҚазақТілі #Солнечный #БогатырьКөмір


Жаңалықтар тізіміне оралу