Табиғатқа жанашырлық

10.10.2026

Ірі кәсіпорындардың бірі ретінде «Богатырь Көмір» ЖШС «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Екібастұзда өтіп жатқан санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру айлығына белсенді қатысуда. Кеншілер өздеріне бекітілген аумақтарды қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан жүйелі түрде тазалап келеді.

«Богатырь Көмір» компаниясының тағы бір экологиялық жобасы – «Батыр» БӨБ маңындағы «Богатырь» кенішіне апаратын жол бойындағы аумақты көгалдандыру. Осы мақсатта компания 100 түп сүмбіл терек сатып алды.

Көшет отырғызу жұмыстарына «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Евгений Мастернак, басқа да басшылар мен кәсіпорын жұмыскерлері қатысып, Екібастұз өңірін көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

Іс-шараға қатысушылар үшін ыстық палау, шай мен тәтті пісірмелер дайындалды. Бұл игі бастама ұжымдық бірлікті нығайтып, экологиялық акцияның маңызын арттыра түсті.

Екібастұз – біздің ортақ үйіміз. Оны таза ұстау, көгалдандыру және көркейту – баршамызға ортақ жауапкершілік!


Жаңалықтар тізіміне оралу