Компания қолдауы

13.10.2026

«Богатырь Көмір» ЖШС мүгедектігі бар тұлғаларды қолдауға үлкен көңіл бөліп, олар үшін кедергісіз орта құруға көмектесуде.

Екібастұз қаласының көпқабатты үйлеріне компания күшімен 77 пандус орнатылды. Бұл жұмыстар қала әкімдігімен жасалған әлеуметтік дамудағы өзара серіктестік туралы меморандум аясында жүзеге асуда.

Бүгін тағы бір пандус компаниямыздың қызметкері тұратын үйдің кіреберісіне орнатылды. Бұл ыңғайлы жиналмалы құрылманы ТККЖ зауытының металл құрастырылымдары учаскесінің жұмыскерлері жасап шығарды. Қажет болған жағдайда оны жоғары көтеріп, қабырғаға бекітіп қоюға болады.

Енді үйден шығып-кіру әлдеқайда қолайлы болмақ. Бұл жұмыстың артында адамдардың күнделікті қажеттіліктеріне деген шынайы қамқорлық жатыр. Компания үшін көрсетілетін қолдаудың адамдар өмірін жеңілдететін нақты көмекке айналуы өте маңызды.


Жаңалықтар тізіміне оралу