Біздің мақтанышымыз
23.10.2026
Республика күні қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің үш қызметкері жоғары марапаттарға ие болды.
Бүгін, 23 қазанда Павлодар қаласында өткен облыстық салтанатты жиында:
Мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі директор Дәурен Беркутұлы Асылханов пен Технологиялық көлік басқармасының тау-кен – техникалық жабдықтарын пайдалану учаскесінің автокөлік жүргізушісі Николай Иванович Бакулин – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Ал Екібастұз қаласында өткен салтанатты шарада:
Энергиямен жабдықтау дирекциясы Солтүстік кешенінің электрмен жабдықтау учаскесінің электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтёрі Анна Владимировна Остапченя қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапаттар – әріптестеріміздің кәсіби еңбегі мен ортақ іске қосқан елеулі үлесінің айқын көрінісі. Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби биіктер мен жаңа бастамаларда сәттілік тілейміз!
Әріптестерімізді мақтан тұтамыз!













