Балуандар боз кілемде

24.10.2026

Республика күніне орай спорттық-сауықтыру кешенінде ұлттық спортымыз – қазақ күресінен дәстүрлі жарыс өтті. Онда кеншілер жеті салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды анықтады.

Әсіресе, балуандар салмақ дәрежесіне қарамастан бір-бірімен күресетін абсолютті салмақ дәрежесіндегі белдесулер әдеттегідей тартысты өтті.

Талай жарыста топ жарған Елнұр Жаңбырбаев пен Қанат Сайлауғазының белдесуін ерекше атап өткен жөн. Елнұр қарсыласына оңтайлы әдістер жасауға тырысқанымен, Қанаттың салмағының ауырлығына байланысты оларды соңына дейін жеткізе алмады. Негізгі уақытта екі балуан да ұпай ала алмады. Мұндай жағдайда қазақ күресінде «белдесу» өткізіледі. Онда қарсыласына бірінші болып әдіс жасаған немесе оны боз кілемнен шығарып жіберген балуан жеңіске жетеді. Белдесу барысында да қос балуан біразға дейін бір-біріне дес бермей, ұзақ тіресті. Дегенмен салмағы басым Қанат жеңісті жұлып алды.

Ал Елнұр өз салмақ дәрежесінде қарсыласын небәрі 22 секундта таза жеңіп, шеберлігін дәлелдеді. Бұдан бөлек, финалдық кездесулердің барлығы да тартысты өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.


Турнир жүлдегерлері:

60 келіге дейін

1-орын – Елнұр Жаңбырбаев (Автобаза)

2-орын – Диас Ғабдулғазиз (ТКБ)


66 келіге дейін

1-орын – Иманбек Әлкенов («Богатырь» кеніші)

2-орын – Серік Сексенбаев («Богатырь» кеніші)


74 келіге дейін

1-орын – Нұржан Серікбаев («Богатырь» кеніші)

2-орын – Дархан Шамбасов (ТКБ)


82 келіге дейін

1-орын – Қанат Сайлауғазы (ТЖЖЖД)

2-орын – Аңсар Сейілғазин (ТКЖЖ зауыты)

3-орын – Расул Бейсен (ТКБ)


90 келіге дейін

1-орын – Дәулет Ишмаметов («Богатырь» кеніші)

2-орын – Елдар Мұхтаров (ТКБ)

3-орын – Нұрланбек Нұрдолдай («Богатырь» кеніші)


90 келіден жоғары

1-орын – Нұрпейіс Қажмұрат (ЭжД)

2-орын – Нұртуған Әлібай (ТЖЖЖД)


Абсолютті салмақ дәрежесі:

1-орын – Дәулет Ишмаметов («Богатырь» кеніші)

2-орын – Аңсар Сейілғазин (ТКЖЖ зауыты)

3-орын – Қанат Сайлауғазы (ТЖЖЖД)


Жүлдегерлер қатарынан көрінген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу