МӘМС қорғайды

30.10.2026

МӘМС жүйесіндегі өзгерістер: қызметкерлер нені білуі керек?

Бұл туралы «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерімен өткен кездесуде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (МӘМС) өкілдері айтып, жүйедегі өзгерістер мен жаңашылдықтарды түсіндірді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде бес жыл қатарынан МӘМС жарналарын тұрақты төлеген азаматтар төлем уақытша тоқтаған жағдайда «сақтандырылған» мәртебесін алты ай бойы сақтай алады. Бұған дейін бұл мерзім үш айды құраған еді.

«Сақтандырылған» мәртебесі толық 12 ай үшін жарналар төленген кезде сақталады, оның төленбеген айлары болса, ем алушы өзі төлеуге мәжбүр болады.  Осыған байланысты қызметкерлерге МӘМС жарналарының уақытылы төленуін қадағалау ұсынылды.

Ал 2027 жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтарға да базалық медициналық көмек көрсету жоспарланып отыр. Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, емханаға алғаш жүгінген кезде сақтандыру мәртебесіне қарамастан бірқатар медициналық қызмет қолжетімді болуы мүмкін.

Олардың қатарына жалпы қан және зәр талдауы, артериялық қан қысымы мен денсаулық жағдайының негізгі көрсеткіштерін өлшеу және т.б кіреді.

Қосымша ақпаратты www.fms.kz сайтынан алуға болады.


Жаңалықтар тізіміне оралу