Ардагер спортшының жетістігі
03.11.2026
БЖКБ Теміржол кешенінің кран машинисті Тахир Ильясов кезекті халықаралық жарыстан жүлдемен оралды.
Бұл жолы ол Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан армрестлингтен 47-әлем чемпионатынан қанжығасын майлап келді.
60 жастан асқан аға шеберлер арасында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Тахир Ильясов сол қолмен күресуде үшінші орынға ие болды. Әлемнің 65 елінен спортшылар қатысқан осындай ауқымды жарыста жүлдегер атану – үлкен жетістік екені сөзсіз.
Тахир Ильясов халықаралық жарысқа қатысуына қолдау көрсетіп, мүмкіндік жасағаны үшін кәсіпорын басшылығына шынайы алғысын білдіреді.
Әлем чемпионатының қола медалі құтты болсын! Алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыра беріңіз!











