Еңбегі сіңген «қола»

25.11.2022

Богатырь спортшылары спорттық жарыстарда сәтті өнер көрсетулерімен қуантуды жалғастыруда. «Богатырская» ЖҚД учаскесінің депо бастығының орынбасары Максим Мартыненко джиу-джитсудан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Әлемдік біріншілік 15 қарашада Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтті. Оған 120 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысты.

Максим қола медальді 77 келі салмақ дәрежесінде, 28 қарсыласымен жарыста жеңіп алды. 4 жекпе-жектен кейін ол финалға шығу үшін күресте Сириядан келген спортшыдан кейін екінші болды. Алайда, Максим лайықты марапатсыз қалған жоқ –  ол қола медаль жеңіп алды.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Жаңалықтар тізіміне оралу