Әйелдерге арнады
07.03.2023
8 наурыз қарсаңындағы күн компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде ұжымның әйелдер қауымын құттықтап, құрмет көрсетуден басталды.
Олардың барлығы ерлер қолынан келе жатқан көктемнің нышаны ретінде гүл алды. Мереке күннің екінші жартысында «Богатырь» кенішінің акт залында жалғасты. Мұнда компанияның шығармашылық жастары мен шақырылған әртістердің қатысуымен салтанатты концерт өтті. Сахнада әдемі ханымдарға арналған әндер ғана емес, сонымен қатар саксофонда орындалған әйгілі шығармалар да шырқалды. Көрермендерге айналмалы дөңгелектің ішіндегі трюктерді орындаған акробаттың «Сира дөңгелегі» нөмірі үлкен әсер қалдырды. Іс-шараны барлығы тамашалай алды, өйткені ол Microsoft Teams қосымшасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
Айта кету керек, жыл сайын 8 наурызға компанияның әйелдер қауымына 3 АЕК мөлшерінде сыйлықақы төленеді.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.