Кіші және үлкен, балық, қармағыма ілін!

12.03.2023

«Богатырь Көмір» кәсіпорнындағы спорттық демалысты компания қызметкерлері арасында мұз астында балық аулау жарыстарымен жалғасты. 

Олар былтырғыдай Шандақсор көлінің мұзында өтті.  Дәстүрлі турнирге түрлі құрылымдық бөлімшелерден әуесқой балықшылар қатысты.  Біріншілік ережесінің сақталуын құрамына И. Нехорошев, Р. Ғабдулғанеев, А. Ибраев кіретін төрешілер бригадасы бақылап отырды.

 Сол күні жолы болған балықшылар балық аулаудан бөлек, лайықты сыйлықтармен де марапатталды.

Мұз астында балық аулау жарысының жеңімпаздары:

  – «Алғашқы балық» аталымы бойынша – В.Гриненко ЭФУ-2);

 – «Ең үлкен балық» аталымы бойынша – А.Петренко (УАТ);

 – «Ең кішкентай балық» аталымы бойынша – А.Лозбин (ЭФУ-2);

 – «Ең үлкен аулау» аталымы бойынша – ЭФУ-2 командасы;

  – «Триада» аталымы бойынша – Автобаза командасы.

  – «Q 130  шұңқыршаларды бұрғылау» аталымы бойынша – Байтереков Ж. Жол 8);

  – «Q 150 шұңқыршаларды бұрғылау» аталымы бойынша – Балабанов С. («Степная» ЖҚД);

  – «Командалық бұрғылау» аталымы бойынша – Жол-8 командасы.

  Командалық біріншілікте жүлделі орындарға ие болды: 1 орын – БЖКБ «Степная» ЖҚД, 2 орын – ТКБ, 3 орын – Жол-8 және СОБ-1 командасы.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Back to news list