Этностильдегі сұлулық

17.03.2023

«Богатырь Көмір» үш қызметкері коммерциялық дирекциясының бас экономисті Анна Кузнецова;  құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы  Дарья Куценко, қаржы дирекциясы  басшының хатшысы Айсұлу Багисова «Этно-fashion» қалалық байқауына қатысты.

Екібастұз кәсіпорындары мен оқу ұйымдарынан барлығы 17 өтінім келіп түсті. Іс-шара Наурыз мейрамын мерекелеу аясында өтті және 17 наурызда атап өтілетін тарих күніне арналды. Қатысушылардың міндеті қазақ ұлттық киімінің барлық сұлулығын көрсету болды.

«Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығындағы тосыннан шығарылған сән көрсететін жерде нағыз шоу көрсетілді. Іс-шара «Атамұра» ұлттық мәдени орталығы дайындаған ұлттық кәстөмдер шеруінен басталды. Осыдан кейін «қызыл кілемге» модельдер шықты, олар көрермендер мен құзыретті қазылар алқасының назарына өздерінің киімдерін ұсынды. Байқаудан тыс өнер көрсеткен «Шик Арт» балалар сән театры, балалар көркемсурет мектебі көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды. Олардың кәстөмдері нағыз өнер туындысына айналды – ұлттық сарыны бар суреттер плащ-кенептерде бейнеленген.

Ұлттық сән мерекесінің барлық қатысушылары алғыс хаттармен, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Кәстөмі төрешілерге массегеттердің  ұлы патшайымыТомирис туралы еске салған Айсұлу Багисова екінші құрметті орынға ие болды.

Фестиваль әрдайым жан-жақтылығымен ерекшеленетін және қазіргі заманғы сән үрдістерін ескере отырып, өзінің тартымдылығын жоғалтпайтын ұлттық киімдерді танымал етуге арналған. Мереке жүргізушілері атап өткендей, бұл күндері жастар күнделікті өмірде ұлттық киім элементтерін қуана қолданады.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Back to news list