Корпоративтік рухты нығайтты

18.03.2023

«Богатырь Көмір» құрылымдық бөлімшелерінің 40-тан астам қызметкері табиғатқа Баянауыл ұлттық паркіне барды.

Олар әлеуметтік даму бөлімі мен кәсіпорынның спорттық-сауықтыру кешенінің әдіскерлері ұйымдастырған тимбилдингтің қатысушылары болды. Іс-шара бірлескен қызмет арқылы ұжымды біріктіруге бағытталған. Ол үшін «Жасыбай» демалыс орталығында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Келгеннен кейін барлығы 4 командаға бөлініп, ойындарды бастады, оған тек жақсы спорттық деректермен ғана емес, сонымен қатар тапқырлықпен, логикалық ойлаумен де қатысуға болады. Алдымен алаңда қолында үлкен бокс қолғаптары және түсіріп алуға болмайтын воландары бар көңілді старттар өтті, келесі кезеңде лабиринт, «Дженга» ойыны және тағы басқалар болды. Қатысушыларға тапсырмаларды орындауға көмектесетін командалық рух сезілді. Компания қызметкерлері жақсы көңіл-күйге ие болып, қалаға оралды.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.


Back to news list