Финалда мықтылар
22.04.2023
Бүгін «Богатырь Көмір» компаниясы ұйымдастырған «Балалар чемпиондар лигасы» футбол турнирінің қорытынды матчі өтті.
3-орын үшін айқаста испан футболының алпауыттары, бітімге келмейтін «Барселона» мен «Реал» бояуын қорғаған командалар кездесті. Матчтың алғашқы минуттарынан «каталондықтар» («Санлин» БФК) бастаманы өз қолдарына алса, өз кезегінде «мадридтіктер» (Евроспорт ФК) қорғаныстағы қатаң ойынға қарсы тұруға тырысты. Алайда олар қарсыластарының шабуылын айып соққы құнына болса да төтеп бере алмағанымен, кездесудің соңғы секундтарында ғана абыройлы гол соға алды. Жалпы есеп: 8:1, «Барс»-тың сенімді жеңісі және жүлде ретінде қола медальдар.
Турнирдің финалы өзінің қарқындылығы мен желісі бойынша қызықты өтті. Басты жүлде – «Богатырь Көмір» ЖШС-нің Кубогы үшін тартыста АПЛ аты аңызға айналған клубтары – «Ливерпуль» мен «Манчестер Сити» спорт киіміндегі командалар бас қосты. Ойын ымырасыз өтті, қарсы соқтығыстағы өткір сәттер, сары карточкалар және алып тастаумен . Матчтағы тепе-теңдікті қалпына келтіріп, ойынды қосымша уақытқа ауыстыру үшін «Қызылдарға» («Батыр» ФК) сәл аз ғана жетпеді. Нәтижесінде «Манчестер Сити» командасы (БЖСМ-1) 2:1 есебімен жеңіске жетіп, балалар Чемпиондар лигасы Кубогының алғашқы жеңімпазы атанды.
Турнирдің үздік ойыншылары да марапаттарға ие болды. Айдос Нұрасыл — үздік шабуылшы, Никита Чернявский — үздік қорғаушы, Әлихан Мылтықбаев — үздік қақпашы, Шәріп Исмаил — үздік ойыншы деп танылды. Ойыншыларға дипломдар мен естелік мүсіншелерді турнирді ұйымдастырушылар атынан «Богатырь Көмір» жұмыскерлерінің Бірыңғай кәсіподақ одағының төрағасы Марат Қадауов табыс етті.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.