Көшбасшы болу
25.04.2023
СРс (К)-2000 № 1145 роторлы экскаватор бригадирі, былтырғы ротор машинистері арасындағы кәсіби шеберлік байқауының жеңімпазы Александр Змазнев өндірісте ғана емес, спортта да көшбасшылар қатарында болуға дағдыланған.
Күш спорты түрлерінен өткен Азия ашық чемпионатында «Богатырь» кенішінің № 1 өндіру жұмыстары учаскесінің өкілі спорттың жатып көтеру түрі бойынша салмағы 202,5 келі зілтемірді көтерумен, 125 келі салмақ дәрежесінде құрлық чемпионы атағын жеңіп алды.
Тағы екі жүлделі орын, бірақ қола құймасымен, Александр абсолютті санатта және жалпы есепте жеңіске жетті.
Богатырлық атлеттің жоспарында биылғы жылдың жазында Қарағандыда өтетін Азия Кубогына қатысу бар.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.