Батырға сыйақы

28.04.2023

Жұмыс сапары барысында Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов осы қыста Екібастұзда болған жылу желілеріндегі апаттарды жоюға қатысушыларды марапаттады.

Қала тұрғындарының үйлеріне жылуды қайтару үшін жанқиярлықпен уақыт пен күш-жігерді аямай күрескен батырлардың бірі энергиямен жабдықтау дирекциясының  инженерлік желілерге қызмет көрсету учаскесінің бастығы Анатолий Остромецкий болды. Ол өзінің барлық тәжірибесін қолданды, онымен сол қиын күндерде қала игілігі үшін қатар жұмыс істеген әріптестерімен бөлісті. Облыс әкімінің қолынан «Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері», «Шахтер даңқы» " белгісінің толық кавалері Анатолий Остромецкий ел Президентінің атынан Алғыс хат алды.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Back to news list