Әкімнің қабылдауында
28.04.2023
Павлодар облысының әкімі Асаин Байхановтың «Богатырь Көмір» қызметкерлерімен кездесуі бүгін «Богатырь» кенішінің әкімшілік-тұрмыстық кешенінде өтті. Ниет білдірушілер облыс басшысына ғана емес, қаланың бейінді басқармалары мен бөлімдерінің басшыларына да сұрақ қоя алды.
Богатырлықтардың көтерген негізгі тақырыптары жылу желілерін, ЖЭО-ны жөндеуге және ыстық сумен жабдықтауды қалпына келтіруге қатысты болды. Асаин Байханов жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік беретін жоспар әзірленгенін айтып өтті. Өңір басшысының айтуынша, екібастұздықтардың біршама үйлерінде 10 маусымға дейін ыстық су беріледі, бірақ тағы 200-ге жуық үй күзге дейін ыстық судан ажыратылатын болады. Осыған байланысты, «Богатырь» кенішінің энергомеханикалық қызметінің аға механигі Николай Селиванов осы проблемаға тап болатын балабақшаларға су жылытқыштарын орнатуды ұсынды. Асаин Байханов ұсынысты қарастыруға уәде берді.
Балабақшалар, мектептер және өскелең ұрпақтың бос уақытын өткізу мәселелерін компанияның көптеген қызметкерлері де айтып өтті. «Богатырь» кенішінің №3 электрлендіру учаскесінің аға электрмеханигі Қайрат Садықов №17 орта мектеп ауданында бассейнді қалпына келтіруді сұрады. Бұл жақын маңдағы үйлердің балаларына ғана емес, бүкіл қалаға баруға мүмкіндік беретін болады.
Бұдан басқа компания қызметкерлерінен тағы ондаған сұрақтар қойылды. Олардың барлығы ескеріліп, жақын арада пысықталатын болады.
«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.