Тыл еңбеккерлерін құттықтады

05.05.2023

Жеңіс күні қарсаңында, қалыптасқан дәстүр бойынша, еңбек майданының қатысушыларын келе жатқан мерекемен Біріккен жастар қозғалысының белсенділері және «Богатырь Көмір» корпоративтік қоры атқарушы директорының орынбасары Айгүл Тұрсынбаева құттықтады.

Серіктестік ұжымының атынан, олар тыл еңбеккерлеріне Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі мен ерлігі үшін жылы лебіздерін білдіріп, оларға сыйлық ретінде азық-түлік жиынтықтарын табыс етті.

Көңілі босаған ардагерлер «Богатырь Көмір» ұжымына үнемі көңіл бөліп, қамқорлық танытып жүргендері үшін шын жүректен ризашылықтарын білдірді. Соғыс жылдарындағы оқиғалар туралы естеліктерімен қонақтармен тыл еңбеккері Гүлнафига Галямова бөлісті. Соғыстан кейінгі жылдары ол 30 жылдан астам уақытын «Центральный» көмір кенішіндегі жұмысына арнады. 93 жастағы еңбек ардагері Анатолий Силуянов бұрынғыдай күш-жігерге толы, өзің сергек сезінеді. Ол қонақтарды үй жанындағы жерін жинастырып, тамаша көңіл-күйде қарсы алды. Жас ұрпаққа ақсақал белсенді өмір салтын ұстанып, оптимист болуды тіледі.

Айта кетейік, Жеңіс күніне азық-түлік жиынтығынан басқа, еңбек майданының 13 қатысушысының әрқайсысына «Богатырь Көмір» корпоративтік қоры карточкалық шоттарына 20 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек аударды.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Back to news list