Әскерше атап өттік

07.05.2023

Отан қорғаушылар күніне арналған пейнтбол турниріне қатысқан «Богатырь Көмір» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері әскери шеберліктерін, командада тактикалық сауатты өзара әрекеттесу қабілетін, сондай-ақ мергендік қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік алды.

Арнайы жабдықталған алаңда ұрыстарда он команда кездесті: «Богатырь» кенішінің Темір жол кешені, ТКЖЖ зауыты, ӨЖУ. құрамасы, Жол – 6, Северный кешенінің ЭЖУ (ЭЖД), АТЦ-3, Автобаза «Эксплуатация» ЖҚД, БЖКБ, ТКБ, КҚД. Қатысушылар атқыш шариктармен, бояуы бар пневматикалық маркерлермен, қаруланған камуфляж киімде, төрешінің бұйрығымен турнир жеңімпазы атағы үшін шайқасқа шықты. Жекпе-жек 5х5 форматында өтті.Үздік бес атқыштар жарыстың ақтық кезеңіне шықты, онда үздік үш жеңімпаз анықталды: 1-орынды ТКБ командасы, 2-орынды АТЦ-3, 3-орынды «Богатырь» кенішінің Темір жол кешені иеленді.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Back to news list