Богатырьлық сенбілік

22.05.2023

Өткен демалыс күндері «Богатырь» кеніші ұжымының еңбек десанты бір ұйымшыл және тату команда болып «Жасыбай» демалыс орталығына сенбілікке барды.

Компанияның жетекші бөлімшесінің жастары қарқынды және әдеттегідей екпінді түрде жұмыс істеді. Кеншілердің демалыс аймағының табиғи сұлулығын арттыру үшін жігіттер осы күні гүлдердің әртүрлі түрлерін отырғызды, көгалдарды жақсартты. Қарқынды жұмыс істеген богатырьлықтар корпоративті рух пен бірлікті нығайтатын командалық жарыстарға кірісіп кетті. Оларды тау-кен жабдықтарын жөндеу цехының өкілі Азамат Жүсіпов ұйымдастырды. Ептілік пен оңтайлылықты қажет ететін жарыстарда қыздар командасы керемет жеңіске жетті. Ойындарға технологиялық, маркшейдерлік, өндірістік қызметтер мен бухгалтерия, тау-кен учаскелері, № 1 және № 3 өндіру жұмыстары учаскелері, № 1 аршу жұмыстары учаскесінің қызметкерлері белсенді қатысты.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі.


Back to news list