Қ және ЕҚ жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттама

18.04.2024

«Богатырь Көмір» Оқу-курстық комбинатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттаманы білуге арналған конкурс өтті.

Компанияның құрылымдық бөлімшелерінен 12 қызметкер қатысты, олар үш бағыт бойынша сыналды: еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өрт-техникалық минимум. Барлығы 40 сұрақ берілді. Тапсырмаларды орындауға 30 минут уақыт бөлінді.

Нормативтік құжаттаманы білетін «Богатырь Көмір» үздік қызметкерінің есімі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі айлықтың барлық іс-шаралары аяқталғаннан кейін айтылады.


Жаңалықтар тізіміне оралу